Мектеп президентін сайлау » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
октябрь
2021

Мектеп президентін сайлау

ЕРЕЖЕ
"Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау туралы"
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамымен және мектеп басшылығымен бірге жалпы мектепішілік жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады.
мектеп оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты:  оқушылардың мектептерді басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Осы Ереже оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауды дайындау мен өткізуді реттейді.
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау оқушының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде онлайн және ашық түрде дауыс беру арқылы өткізіледі.
Оқушылардың сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Ешкімнің оқушыны сайлауға қатысу немесе қатыспауына мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруіне шектеу қоюға құқығы жоқ.
Сайлаушылар-5-7 онлайн түрде, 8-11 ашық түрде сынып оқушылары.
Сайлаушылар өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауға тең негізде қатысады және әрқайсысы тиісінше бір дауыс қана бере алады. Оларға тең құқықтар мен сайлауға қатысу шарттарына кепілдік беріледі.
«Жалын» өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауда дауыс беру құпия болып табылады, сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігін жоққа шығарады.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив