№2 - педагогикалық кеңес » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2020

№2 - педагогикалық кеңес

Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде:
1. Қашықтықтан оқыту-білім беру жүйесіндегі алғашқы үдеріс және оқытудың жаңа технологиясы мен жүйесін дамыту
Жауапты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алымбаева Толғанай Дауренбековна
2. Бірінші тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының, білім сапасының көрсеткіші
Жауапты: ДОІЖО Рысымбетова Ж.Е.
3. Қашықтықтан оқу кезінде бірінші тоқсан бойынша оқу-әдістемелік жұмысының рейтингісі
Жауапты: ДӘІЖО Топашова Т. Н.
4. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Мектепке жол» акциясының қорытындысы
Жауапты: ДТІЖО Ембергенова А.
Педагогикалық кеңес мектептің директоры Багдан Беделбаевнаның алғысөзімен басталды. Мектеп директоры бірінші педагогикалық кеңестің қорытындысын жариялап, күн тәртібіне тоқталды. Сонымен қатар, мектеп ұжымына келесі тоқсанда табыс тілеп, сөз кезегін баяндамашы, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Алымбаева Толғанай Дауренбековнаға берді. Ол өз баяндамасында қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері мен «Биоақпараттану және синергетика» білім беру технологиясының тиімділіктері жайлы мәлімдеді. Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша ДОІЖО Е. Ж. Рысымбетова сөз алып, бірінші тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының, білім сапасының көрсеткіші жайлы салыстырмалы түрде толық таныстырып өтті. Үшінші мәселе-қашықтықтан оқу кезінде бірінші тоқсан бойынша оқу-әдістемелік жұмысының рейтингісі жайлы ДӘІЖО Н. Т. Топашова сөз алып, әр бірлестік мұғалімдері арасында қашықтықтан оқу кезіндегі платформалар, вебинар, челленж, пәндік олимпиадаларға қатысу, «Дарын», «КҒА», «Зерде» және тағы да басқа әр-түрлі олимпиадалар мен қашықтықтан өткізілетін іс-шараларға қатысу рейтінгісін шығарып, толықтай талдады. Сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты тоқталып мектептегі атқарылған жұмыс туралы ДТІЖО А.Ембергенова айтты. Қайырымдылық "Атамекен" бағдарламасы бойынша мектептегі сынып жетекшілермен атқарылған жұмыстар туралы әлеуметтік педагог А.Ұзақбаева толықтай мәлімет бере отырып, «Қайырымдылық акция» науқаны жыл бойы жалғасатынын атап өтті.