"Қамқорлық" акциясы » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2019

"Қамқорлық" акциясы





«Жылы жүрек- Жомарт қол!»
2018-2019 оқу жылының 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында мектебімізде Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Мектебімізде «Жылы жүрек –Жомар қол !» атты акция ұйымдастырылып айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар негізінде бекітілген мөлтекаудан бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасының үйлері араланды.
18 қаңтардан бастап оқушылар арасында «Қамқорлық» қайырымдылық марафоны өтті. Оқушылар қарттардың үйлеріне барып, қарын ашуға отынын жаруға көмек көрсетті.
Орта буын оқушылар арасында «Жақсылық – жан шуағы», «Жылы жүрек– Жомарт қол! » атты ашық тәрбие сағаттар өткізілді.
Бастауыш сынып арасында аз қамтылған отбасына сынып жетекшілер мен демеуші ата-аналардың ұйымдастырылуымен қамқорлық жасалып көмек көрсетілді .
20-ақпан күні 6-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Қайырымдылық» жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкеге мектеп оқушылары және мұғалімдер белсене қатысты. Жәрмеңке барысында көп балалы аз қамтылған 17 оқушымыздың отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етілді
25-қаңар күні мектебімізде «Жылы жүрек - Жомарт қол атты!» қайырымдылық іс-шарасы өтті. Қайырымдылық іс-шарасында жетім және мүмкіндігі шектеулі және көп балалы аз қамтылған 30 оқушыны мектеп ұжымы және ата-ана артынан сыйлықтар табысталды. Еңселі де егеменді еліміздің ертеңгі болашағы- Тәуелсіздік аясында алаңсыз өмір сүріп , тәрбиеленіп отырған ұрпағымыздың жалғасы-өрімдей бүлдіршіндердің балалық бал дәуренінің уайымсыз өтуіне өз үлестерін қосып, қамқорлық көрсеткен қамқоршыларымызға киелі шаңырақтың білім ошағын басқарып отырған мектеп директоры Кулиева Жанар Шолпанқұлқызы алғыс хаттарын табыстады. Іс-шара соңында қонаққа шақырылған оқушылардың қомқоршылары мен ата-аналарына мерекелік дастархан жайылды.
Демеушілік жасаған мектеп ата-аналарына және мектеп ұжымына алғысымыз шексіз !
Орындаған : «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ
Әлеуметтік педагог Ембергенова Арухан Муратбаевна

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив