«Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы
03
март
2021

«Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ кезектен тыс отырыста 1-кезекші сынып, 9-11 сыныптың ата-аналарымен «Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысының
№3 хаттамасы

Өткізу күні: 08 қаңтар 2021ж
Өткізу уақыты: 09:00

Тақырыбы: «1, 9, 11 (12) және 4м сыныптардың аралас форматында оқыту - пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан» оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.
Мақсаты: аралас форматында оқытуда балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) және оқушыларды ақпараттандыру .
Өткізу форматы: қашықтықтан.
Қатысушылар: 1-9-11 және 4м сыныптың ата-аналары.

Күн тәртібінде:

1. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөнінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда 28.12.2020ж №548 шығыс хатының жалпы ережелерімен таныстыру. (Мектеп директоры Б. Досаева)
2. 1-кезекші сынып, 9, 11 (12) - сыныптардың аралас форматында оқыту - пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан оқытылуы туралы. (ОІЖО Рысымбетова Ж.Е. Акпаева Р.Т.)
3. 5 оқушыға дейінгі топтарда білім шығынын қалпына келтіру үшін жеке кеңес беруді ұйымдастыру туралы. (ОІЖО Рысымбетова Ж.Е. Акпаева Р.Т.)
4. 9-11 сынып білім алушыларының аралас оқыту форматына көшуі негізгі және бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттау алуға негізделгендіктен оқушылардың штаттық режимге толық қамтылуы туралы. (ТІЖО Абылдаева Л.Т.)
Тыңдалды:
1. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б. Досаева коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөнінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда 28.12.2020ж №548 шығыс хатының жалпы ережелерімен таныстырды. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысаны санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты анықталатыны ескертілді:
1) Білім алушылардың, педагогтердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында оқу процесі мектеп алдындағы, 1-11 (12) сыныптарда қашықтық форматта ұйымдастырылатын болады.
2) Білім беру ұйымдарының мектепалды, 1-5 сыныптарының білім алушылары үшін сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша кезекші сыныптар ұйымдастырылуы мүмкін. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар қабылданады. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша өтініш беруі тиіс.
3) Меншік нысанына қарамастан мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін балалар саны 300 адамға дейінгі шағын котингентті мектептерге штаттық режимде рұқсат етіледі.
Сырқаттанушылық тұрақты қысқарған кезде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен эпидемиологиялық жағдайға сәйкес білім беру ұйымының аралас немесе штаттық режимге біртіндеп ауысуы жүзеге асырылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында әрбір білім беру ұйымында оқыту форматы әрбір өңірдегі санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін айтты. Әр сынып жетекші қашықтықтан оқыту барысында ата-аналар жиналысын өткізу кезінде оқытудың тиісті форматын анықтайды және ата-аналарды ақпараттандыруға дайындайтынын айтты.
2. Екінші мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Акпаева мен Ж. Рысымбетова сөз алды. Ол 1, 4м, 9, 11 (12) - сыныптардың аралас форматында оқыту - пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан оқытылатыны ескертілді. Сырқаттанушылық тұрақты қысқарған кезде Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен эпидемиологиялық жағдайға сәйкес білім беру ұйымының аралас немесе штаттық режимге біртіндеп ауысуы жүзеге асырылуда. Мектеп қашықтан оқытудан штаттық режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруы мүмкін. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек. Мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылады. Директормен кездесулер, педагогикалық кеңестердің мәжілістері, ата-аналар жиналыстары және т.б. қашықтық форматта өтеді. Оқу процесін үшінші тоқсанда ұйымдастырылады. Оқыту меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының мектепалды, бастауыш 1-5-сыныптарының білім алушылары үшін, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейін контингенті бар кезекші сыныптарда;
- сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін 300 адамға дейін білім алушылар контингентімен меншік нысанына қарамастан штаттық режимде мектептердің жұмыс істеуі жалғасады. Меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының 9,11 (12) сыныптарының білім алушыларын құрамдастырылған форматта оқыту, бұл ретте пәндердің 70% - ы штаттық режимде, пәндердің 30% - ы қашықтықтан режимде жүргізіледі;
- қажет болған жағдайда штаттық форматта білім шығындарының орнын толтыру үшін топтарда 5 оқушыға дейін жеке консультациялар өткізуге болатынын таныстырды.
3. Үшінші мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Акпаева мен Ж. Рысымбетова сөз бастады. 5 оқушыға дейінгі топтарда білім шығынын қалпына келтіру үшін жеке кеңес беруді ұйымдастыру туралы айтып өтті. Оқу процесін қашықтық форматында ұйымдастыру үшін мектеп мұғалімдердің негізгі сұраныстарына сәйкес келетін функционалдылық тұрғысынан ең қолайлы инфрақұрылымы мен білім мазмұны бар Интернет-платформаны таңдайтынын ескертті.
Қашықтан оқыту үшін икемді сабақ кестесі жасалады, ал 1-5 сынып сабақтарын таңғы 9:00-ден, 6-11 сыныптарды 14:00-ден қою ұсынылады.
Мұғалімдер оқу процесін ұйымдастыру кезеніңде интернет-платформалардан басқа кез-келген қол жетімді байланыс құралдарын қолдана алады.
Қашықтан оқыту процесі синхронды және асинхронды форматтарда, Санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар (бұдан әрі – СанҚжН) талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып өтеді.
4.Төртінші мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Абылдаева сөз алды. Ол 1-4м сынып кезекші бастауыш сынып білім алушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың оқуға деген ынтасының қалыптаспауына, өз бетінше оқыту және өзін-өзі ұйымдастыру бойынша әлеуметтендіру дағдыларын, құзыреттерін қалыптастырудың басталуына, сондай-ақ білім алушылардың бір білім беру деңгейінен келесіге (бастауыш білім беру деңгейінен негізгі орта мектеп деңгейіне) көшуіне негізделеді.
Кезекші сыныптарда барлық сабақтар жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы - 40 минут.
21.Балаларды кезекші сыныптарда оқытуды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері таңдау құқығын жалпы білім беретін мектеп басшысының атына өтініш беру арқылы білдіреді.
9-11 сынып білім алушыларының аралас оқыту форматына көшуі негізгі және бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттау алуға негізделгендіктен оқушылардың штаттық режимге толық қамтылуы туралы сөз бастады. 9,11 (12) сынып білім алушыларының аралас оқыту форматына көшуі бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға және Ұлттық бірыңғай тестілеу мен жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтихандарын тапсыруға дайындаумен негізделеді.
Оқытуды ұйымдастыру мынадай түрде жүзеге асырылатын болады: Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәндерінің 70 % - ы штаттық форматта және оқу пәндерінің 30 % - ы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қашықтықтан оқыту форматтында оқытылатын болады .
38. Оқытуды аралас форматта ұйымдастыру кезінде мынадай шараларды сақтау қажет:
1) сыныптағы оқушылар;
2) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақтардың икемді кестесін жасау;
3) әлеуметтік алшақтық үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;
4) кабинеттік жүйені алып тастау, бір сынып - ауысымдар бойынша бір кабинет;
5) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;
6) кіші блокпен байланысты болдырмау;
7) мектепке кірер кезде медицина қызметкерлерінің оқушылар мен педагогтердің температурасын күнделікті өлшеу;
8) кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;
9) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;
10) сынып бөлмелерін ылғалды тазалау;
11) дәліздердегі, реакреациялардағы, холлдардағы және басқа үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;
12) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық сыныптың қашықтан оқытуға көшкен жағдайда сыныптағы білім алушылардың жағдайын бақылауға, кейіннен сыныпты штаттық режимге қайтарғанда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;
13) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;
14) мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады;
15) мектеп заттардың, кабинеттердің, реакциялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі;
16) мектепке кіре берістегі аяқ киімге арналған дезинфекциялаушы кілемшелер, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады;
17) сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.
39. Оқыту сабақтарын өткізу барысында:
1) балалардың эмоциялық сезіммен көңіл қоюына назар аударылады, ата-аналармен және оқушылармен педагог-психологтардың жеке консултациясы белсенді өткізіледі;
2) оқушылардың физикалық шаршауына жол берілмей, сабақ барысында жаттығу минуттары өткізіледі.
Қашықтықтан оқыту форматында білім алушылар үшін жеке консультациялар 5 білім алушыға дейінгі топтарда қажеттілік бойынша білім жоғалтуының алдын алу және орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылады.
42. Білім алушылар үшін жеке консультацияларды ұйымдастыру тәртібі:
1) жеке консультациялар оқушылардың қажеттіліктері мен оқу жетістіктерін ескере отырып, оқу пәндері бойынша ата-аналармен келісім бойынша педагогтердің ұсыныстары бойынша ұйымдастырылады;
2) жеке консультацияларды қажет болған жағдайда пән-педагог жүргізеді. (консультациялар кестесін жасау; білім алушылар мен олардың ата-аналарына ақпаратты уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету және т.б.); пән-педагог әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету және білім алушылардың бір мезгілде жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында консультациялар кестесін жасау үшін мектеп әкімшілігіне жеке консультациялар кестесін ұсынады.
3) жеке консультациялардың бекітілген кестесіне сәйкес білім беру ұйымдарында 5 білім алушыдан аспайтын топтар құрылатыны ескертілді.

ШЕШІМ:
1. 1-11 сыныптың ата-аналарын коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөнінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда 28.12.2020ж №548 шығыс хатының жалпы ережелерімен таныстырылсын.
2. 1-кезекші сыныпқа қабылдау бастауыш сыныптың ата-аналарының өтініштері бойынша қабылданатынын таныстырсын.
2.1. Кезекші сыныптардың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаған кезде, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылатыны ескерілсін және ата-аналардан өтініш алынсын.
3. 9, 11 (12) - сыныптардың аралас форматында оқыту - пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан оқытылуы ата-аналарға таныстырылсын.
4. 5 оқушыға дейінгі топтарда білім шығынын қалпына келтіру үшін жеке кеңес
беруді ұйымдастыру мақсатында қашықтықтан оқыту форматында білім алушылар үшін жеке консультациялар 5 білім алушыға дейінгі топтарда қажеттілік бойынша білім жоғалтуының алдын алу және орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылсын.
5. 9 -11 сынып білім алушыларының аралас оқыту форматына көшуі негізгі және бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттау алуға негізделгендіктен оқушыларды штаттық режимге толық қамтылсын.



Жиналыс төрайымы: Б. Досаева
Хатшы Ж. Шайханова



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив