13
апрель
2022
«Педагогикалық тандем»
«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдістемелік істері бойынша орынбасары Топашова Т.Н. ұйымдастыруымен 2022 жылдың 13 сәуірінде мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандардың жұмыс жүйесін қалыптастыру және жас маман мен тәлімгер арасындағы тығыз байланысты анықтау мақсатында мектепішілік «Педагогикалық тандем» атты әдістемелік жәрмеңке өтті. Аталған іс-шараға мектебіміздің жас мамандары өз тәлімгерлерімен қатысып, ықшам сабақ, шебер-класс, шағын тренинг және ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды. Әдістемелік жәрмеңке ұжымдық бағалау арқылы қорытындыланып, жеңімпаздар арнайы номинациялармен марапатталды. Жалпы 22 педагог қатысты.