«Үздік жас маман-2022» байқауының өткізілуі » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2022

«Үздік жас маман-2022» байқауының өткізілуі

«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылған «Үздік жас маман-2022» байқауының өткізілуі туралы

Анықтама


23.02.2022 жылы мектебімізде «Озат тәжірибе» шығармашылық топ мүшелері математика пәні мұғалімі Есмамбетова Лиман және химия пәні мұғалімі Исаева Гүлнұрдың ұйымдастыруымен жас мамандар арасында  «Үздік жас маман-2022» байқауы өтізілді. Бұл байқау жас мамандар арасында  шығармашылықпен жұмыс істейтін, дарынды, жоғары зияткерлік даму деңгейі бар, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетке ие, заманауи инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген жас педагогтарды анықтау мақсатында ұйымдастырылды. 

Байқаудың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің   шығармашылық әлеуетін және өзін – өзі   дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең 21 ақпан күні өтті.  Бұл кезеңде жас мамандардың портфолиосы және видеосабақтары қаралып бағаланды. Екінші кезеңге 8 жас маман іріктеп алынды. Екінші кезең 23 ақпан күні өтті. Бұл кезең үш бөлімнен тұрды:

1.Өзін-өзі таныстыру

2. «Мамандығым- мақтанышым»

3. «Өнерлінің өрісі кең»

Байқау нәтижесі бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімі Гинаятов Жарасбек бас жүлдеге ие болды. Еңбек пәні мұғалімі Тұрғанбаева Нұршат І орын, информатика пәні мұғалімі Төленді Мөлдір ІІ орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жаңабаева Нұргүл ІІІ орынмен марапатталды. Қатысушы мұғалімдердің барлығы алғыс хатпен марапатталды. 

Қатысушыларға алғыс білдіреміз. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив