"Қамқорлық" акциясы
«Жылы жүрек- Жомарт қол!» 2018-2019 оқу жылының 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында мектебімізде Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Мектебімізде «Жылы жүрек –Жомар қол !» атты акция ұйымдастырылып айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар негізінде бекітілген мөлтекаудан бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасының үйлері араланды. 18 қаңтардан бастап оқушылар арасында «Қамқорлық» қайырымдылық марафоны өтті.