Мемлекеттік қызмет көрсету – еліміздің дамуының негізі! » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мемлекеттік қызмет көрсету – еліміздің дамуының негізі!
19
апрель
2022

Мемлекеттік қызмет көрсету – еліміздің дамуының негізі!

Мемлекеттік қызмет көрсету – еліміздің дамуының негізі!


      Қазіргі таңда заман талабына сай Мемлекеттік қызмет көрсету жүйені жетілдірудің  маңызы зор. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың өтініші бойынша жеке 

тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мектеп арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер:

1. Бастауыш, негізгі орта,  жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды  қабылдау және тізімге алу. 

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау. 

3. Жалпы орта, орта,  негізгі білім беру ұйымдарында экстернатты формада оқытуға рұқсат беру. 

4. Негізгі орта, жалпы орта білімі туралы құжаттардың дубликаттарын беру. 

5. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілерді жеке санаттарда тегін және жеңілдікпен тамақтану ұсыну. 

6. Азқамтылған отбастары балаларына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьге демалыстар ұсынуға  құжаттарды қабылдау және жолдамамен жіберу. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын орындау мақсатында  өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру жазбаша түрінде немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді. 

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223  «Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы" бұйрық негізінде "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік  қызмет атқарылады.     

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні, ал құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызмет көрсету  электрондық және қағаз түрінде ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін құжаттар толық емес  және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайлар себеп болады. Көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас туралы хабарлама ұсынылады.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін Мемлекеттік қызмет көрсетуде қажетті құжаттар:

1) өтініш (еркін нысанда);
 2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
 
      Мемлекеттік қызмет көрсету  барысында мектепке  387 оқушы 1 сыныпқа, 10 сыныпқа 131 оқушы қабылданды. Денсаулығына байланысты үйде жеке тегін ұйымдастыруда 13 оқушы оқиды; ыстық тамақпен 340 оқушы қамтылып,  70 оқушы жолдамамен жазғы  оқу-сауықтыру лагеріне барып келді; мектеп бітірушілерге 24 аттестаттың төлнұсқасы берілді. 

Мемлекеттік қызмет - халық алдындағы жауапты міндет. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив