«Жаңа дәуір мектебі : жаңа көзқарас» белсенді оқу әдіс- тәсілдерін ұсыну» тақырыбында семинар » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңа дәуір мектебі : жаңа көзқарас» белсенді оқу әдіс- тәсілдерін ұсыну» тақырыбында семинар
04
апрель
2022

«Жаңа дәуір мектебі : жаңа көзқарас» белсенді оқу әдіс- тәсілдерін ұсыну» тақырыбында семинар

“Алматы облысы Білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Жаңашылдық» тобында 04.04.2022 ж.  «Жаңа дәуір мектебі : жаңа көзқарас» белсенді оқу  әдіс- тәсілдерін ұсыну» тақырыбында   өткізілген семинар  жайлы анықтама


 «Жаңашылдық »  тобында «Жаңа дәуір мектебі:жаңа көзқарас»белсенді оқу әдіс-тәсілдерін ұсыну тақырыбында мектепішілік  семинарда бірінші мәселе бойынша шығармашылық топ жетекшісі Б.Рысымбетова мен Ж.Тажиханова

 «Жаңа дәуір мектебі:жаңа көзқарас»белсенді оқу әдіс-тәсілдерін ұсыну тақырыбында   семинарды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Утегенова К, тарих пәнінің мұғалімі   педагог-сарапшы Кунтуарова Ағима өткізді. 

Семинар мақсаты: Мұғалімдердің функциональдық сауаттылығын арттыру, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету .

Семинар қазақ халқының күйін тыңдай отырып қазақтың ою-өрнектері арқылы  мынадай «Жаңа дәуір», «Жаңа мектеп», «Жаңа көзқарас» топтарына бөлінді. 

1.«Әңгімелесетін әріптестер» әдісі арқылы семинардың тақырыбы мен мақсатын топ мүшелері өздері ашты. Тақырыпты ашуда постер құрастырады, ақпарат алмасты.Семинар барысында топ мүшелері, жас мамандар  өз білімдерін жақсы деңгейде көрсетті. 
2. «55» әдісі .Мәтін берілді. Алдымен мәтіннің идеясын ашатын 5 сөз таңдап алынды.Сол 5 сөзбен мәтін мазмұнын ашатындай 5 сөйлем құрды.
3. «Құндылықтар спектрі»(ауқымдылығы) әдісі арқылы топпен жұмыс жүргізілді.3 топқа жаңа дәуірдегі жаңа мектепке байланысты 3 түрлі пікір берілді. Әр топ пікірмен келісетін , келіспейтіндігін , өз көзқарасын постер арқылы қорғап шықты. 

Семинар рефлексиясы (өткенге көз тастау ) «Хайку» (терең эмоцияның көрінісі ) әдісімен көрінді. Семинарғақатысушылар «Жаңа дәуір мектебі: жаңа көзқарас» атты семинарда игерген әдіс – тәсілдері бойынша көзқарастарын жазды.Ол осы шақпен жазылды, яғни топ мүшелері жаңа ғана көргені мен естігені жайлы тікелей әсерлерін жазды.  Аз сөзге көп мағына беріп,  17 сөзден тұруы керек деген шартты сақтап жазды.

Қорытынды «Жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе , білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше » деген сөздермен тамамдалды. 

Семинар  жүргізген ұстаздар өз тәжірибесінде қолданып жүрген  жаңа дәуір мектебіндегі, жаңа        көзқарастағы  белсенді оқу әдіс- тәсілдерін жан-жақты қолданды, көрсетті. Топтағы мұғалімдер топтасып, толық топ мүшелерінің барлығы атсалысып жауап берді. Қатысушы ұстаздар ризашылық білдірді, атқарған істеріне  тәнті болды. Семинар өте жоғары дәреже бағаланды.














Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив