6 сыныптардағы физика-математикалық есептерді шығару дағдыларын жаттықтыру
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ
2021-2022 оқу жылындағы математика пәні бірлестігі
ХАТТАМА
Күні: 25.03.2022 ж
Барлығы: 17
Қатысқаны: 15
Қатыспағаны: 2
Күн тәртібінде:
- 6 сыныптардағы физика-математикалық есептерді шығару дағдыларын жаттықтыру
Тыңдалды:
1 мәселе бойынша бірлестік жетекшісі Садуова Динара сөз сөйлеп, семинардың тақырыбы мен мақсатымен және қаралатын мәселелермен таныстырды.
Бірлестік жетекшісі 2 мәселе бойынша математика пәні мұғалімі педаог Есмамбетова Лиманға сөз кезегін берді. Есмамбетова Лиман қалыптастырушы бағлауды құру және оны талдау туралы өз тәжірибесімен бөлісті. оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау жұмыстарының алгоритмін нақты көрсетті. 6 сынып математика пәні «Пайыз» тақырыбы бойынша өткізілген қалыптастырушы бағалау үлгісін көрсете отырып, қалыптастырушы бағалауды 10 баллдық жүйеде бағалау және оны талдау нақты айтты.Соның ішінде, проценттік қатынастарын корсету арқылы деңгейлерін анықтау мүмкіндігін айтты.
3 мәселе бойынша педагог Мұсабек Махаббат оқыту кезінде қалыптастырушы бағалауды тиімді ұйымдастыруда Triventry, Learningapp платформаларының тиімділігін көрсетті. Бұл платформаның тиімділігі сонда, біріншіден уақытты шектеуге болады, екіншіден білім алушының нақты білім деңгейін анықтауға болады, үшіншіден білім алушының жұмысы нақты және шынайы бағаланады.
Бірлестік жетекшісі келесі сөз кезегін педагог Атагулова Салтанатқа берді. Атагулова Салтанат, оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдарымен таныстыра отырып, тиімді кері байланыстың оқушы қолдана алатындай, ақпараттан тұратынын және өздерінің қабілетінің деңгейін, нені жасай алатындығына сенімділіктерін арттыратынын айтты. Аудио және видео арқылы кері байланыс беру өте тиімді екенін көрсетті, себебі уақытты үнемдеуге, білім алушылардың қате түсінгегнінің алдын алуға және қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.
Қорытынды бөлім.
Қорытынды шығарылды, сұрақтарға жауап алынды.
Шешімі:
- 6 сыныптардағы физика-математикалық есептерді шығару дағдыларын қолдану пән мұғалімдеріне жүктелсін.
- 6 сыныптардағы физика-математикалық есептерді шығаруда Triventry, Learningapp платформаларын қолдану ұсынылсын.
- Оқыту кезінде кері байланыс жазбалар арқылы алынсын.
Хатшы: Бердібекова Ә.
Бірлестік жетекшісі: Садуова Д.