Хабарландыру! » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2023

Хабарландыру!

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар! «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.

1-сыныпқа 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы білім туралы заңның 31-бабының I тармақшасына сәйкес балалар 6 жастан қабылданады.

1 сыныпқа өтініштер қабылдау 1 сәуір - 1 тамыз аралығында жүргізіледі. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

1 сыныпқа қабылдау gu.almobl.kz порталы немесе egov.kz сайты арқылы іске асырылады (өтінішті үйден электрондық сандық қолтаңба көмегімен жолдауға болады). 1-сыныпқа өтініш беруде көрсетілген құжаттардың сканерлік көшірмелерін жүйеге бекіту қажет.

1-сыныпқа қабылдайтын құжаттар тізімі:

1. Ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші
2. «Бала денсаулығы паспорты» 026/у -3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
3. 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
4. 3х4 көлеміндегі 2 фото

Назар аударыңыздар!

Барлық құжаттардың тек қана жақсы оқылатын көшірмелерін жүктеу қажет. Дұрыс емес (оқылмaйтын) құжаттарды салған жағдайда сіздің өтінішіңіз мақұлданбайды. Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш беруші өтінімді қайтадан бере алады. Егер мектепке қабылдауға өтінім берілсе және өтініш қарастыруда болса, өтініш қайтадан беру мүмкіндігі болмaйды. Өтінім беруші мектепке қабылдау туралы жауапты алған жағдайда, мектепке құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет. Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмері,электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон номеріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі.

Мекен-жайымыз: Жібек Жолы ауылы, Қонаев - 2

Сұрақтар бойынша мына телефон номерлеріне хабарласыңыздар: +7 702 467 0499, +77788832196

Жауапты мамандар: Акпаева Раушан Туртаевна, Кудайбергенова Насиба Рзабаевна
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив