Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев! » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев!
15
февраль
2022

Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев!


                      Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев!

        Жақында «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақиық ақын, жыр жүйрігі Мұқағали Мақатаевтың туғанына  күніне орай Мұқағали апталығы өтті. Апталықты мектеп директоры Б.Досаева ашып, «Мұқағали жырлары – ұрпақтың мол мұрасы, сарқылмас қазынасы, рухани азығы» екендігін айтты. Бұдан соң қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Л. Генжемуратова апталықта өтетін ісшаралар жоспарымен таныстырды. Апталықтың басы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрбаева Ұлмекеннің челендж ұйымдастырумен басталып, оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, бір-біріне жолдады.«Тау тұлғалы ақын» деген атпен   мұғалім Жанашбаева Аймереке 6-10-сынып оқушылары арасында ақын өмірінен бейнекөрініс көрсетті.  Утесиновна Ләззаттың жетекшілігімен 5-11-сынып оқушылары арасында Мұқағали Мақатаев шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мәнерлеп оқуда 7 «З» сынып оқушысы Дарьябаева Назерке,  8 «Е» сынып оқушысы Талғатова Амира, 9 «Ж » сынып оқушысы Тоғабаева Әдемі жүлделі орындарды иеледі.9-сынып оқушылары арасында «Мұқағали – ақиық ақын» деген атпен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кеулімжаева Жадыра танымдық сабақ өтіп, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты талдау жасап, оқушыларға терең түсінік берді. Ұстаз Тажиханова Жанат «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» деген тақырыпта жас ақындар мүшәйрасын өткізді. Бұнда 9 «Е» сынып оқушысы  Қанатбаева Мәншүк, 11»Г» сынып оқушысы Амангелдиева Айжан өздерінің ақындық қабілеті, дарындылығымен тыңдарман қауымды тәнті етті. 

      Апталық одан әрі жалғасып, ұстаздарымыз Рысбаева Бақыткүл 8-сынып оқушыларымен М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы  «Ана – бала – табиғат» деген тақырыпта дебат сабақ, Генжемуратова Ләззат 10-сынып оқушылары арасында «Алтай-Атырау» поэмасында Мұқағали қазақтың байтақ даласын жырлауы деген тақырыпта конференция, Алымбаева Толғанай 9-сыныптар арасында «Поэзия! Менімен егіз бе едің?!» деген тақырыпта дөңгелек үстел, Бертилекова Гүлмира 8-10-сыныптар арасында «Поэзияның асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев» деген тақырыпта ғылыми жоба қорғау жұмыстарын, Қойлыбаева Нұршат 5-6-сынып оқушыларымен «М.Мақатаев шығармаларындағы ата-анаға құрмет» тақырыбында сыныптан тыс сабақ, Тұрсын Шынарбек   6-10-сыныптар арасында «Жырлайды жүрек» деген тақырыпта поэтикалық дуэль өткізді. Дебат сабақта өзінің белсенділігімен, ұшқыр ойымен Ондасынов Ернат, Бекбергенова А., ғылыми жоба қорғауда 9 «Г» сынып оқушысы Стыбекова Жұлдыз ерекше көзге түсті.

         Апталықтың соңы Утегенова Жанат, Ережепова Аманғүлдің жетекшілігімен   «М.Мақатаев – поэзия патшасы» атты әдеби-сазды кешпен аяқталды. Кеште ақын өлеңдері оқылды, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс сахнаға қойылып, әндері шырқалды.  Кеште Көкөзек орта мектебінен келген қонақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерубай Барат Маратұлы Мұқағалиға арнау өлеңін оқыды. Осы мектептің 11-сынып оқушысы, жақында ауданда өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты ақындар айтысының бас жүлдегері Сәбит Данияр айтыс өнерін паш етіп, тыңдарман қауымның көңілін бір серпілтіп тастады. 

        Кешті мектеп директоры Б.Б. Досаева қорытындылап, ақынның өлең өлкесіне қалдырған мол мұралары мұқағалишыл өрендердің бар кезінде мәңгі өшпейтінін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

                                                            Мақаланы жазған:  Шманов Смағұл Көпесович,                  

                                                          «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-ның           

                                                            қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив