«Мектепке жол қайрымдылық акциясы» туралы Мәлімет » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол қайрымдылық акциясы» туралы Мәлімет
14
сентябрь
2022

«Мектепке жол қайрымдылық акциясы» туралы Мәлімет

«Мектепке жол қайрымдылық акциясы» туралы

Мәлімет


2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы  19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. 

Мектеп ауласына «Мектепке жол-Қайрымдылық акциасы» атты баннер жасалды. Ауыл көшелеріне хабарландырулар ілінді. Әлеуметтік желілерге де хабарландыру салынды.

Көмекке мұқтаж балалардың дерек қорын қалыптастыру үшін мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында шаруашылық қожалықтары   араланып тексеру жүргізілді. Сұраныс хат негізінде 124 балаға  көмек көрсетілді.                                                                                                       Кәсіпкерлердің   демеушілігімен 89 балаға 590 000 көлемінде көмек  көрсетілді.                                                                                                                                       Ата-аналар тарапынан берілген көмектің саны – 35 балаға 100 000 теңге көлемінде болды. 


                   

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив