ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ
01
август
2022

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.

Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады.

«Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. Осылайша әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы, жеке тізімдері жасалған. Білім беру ұйымдарында «жедел желі» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылған. Қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала мен ата-ана көмек сұрай алады. Өз кезегінде бей-жай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын соза алады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

«Мектепке жол» акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетінін атап өтейік. Акцияның 10 жылында 2 млн-нан астам балаға материалдық көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін білім басқармалары мен ұйымдарына хабарласу қажет.

📳Облыстық білім басқармаларының сенім телефондары▶️▶️▶️ [media=https://www.instagram.com/p/Cg1VovCDvjX/?utm_source=ig_web_copy_link] 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив