Ы.Алтынсарин 180 жылдық мерейтойына арналған облыстық іс-шара » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ы.Алтынсарин 180 жылдық мерейтойына арналған облыстық іс-шара
20
октябрь
2021

Ы.Алтынсарин 180 жылдық мерейтойына арналған облыстық іс-шара

«Алматы облысы Білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ы. Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына орай «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» атты облыстық семинар 2021 жылдың 20 қазан күні өтті. Семинардың құрметті қонақтары әдебиет әлеміне өзіне тән ерекшелігімен, шыншыл прозасымен келген жазушы, «Жігер» фестивалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі -Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш. Облыстық әдістемелік білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Нусипбекова Нурлан Тұрсынмамедович және Қарасай ауданы білім бөлімінің аға әдіскері Нурсапаева Маржан Маулитаевна. Семинар барысында ұлы ағартушының өмірі мен еңбек жолы тереңірек дәріптелді. Ұлы ұстаздың, ағартушының болмысы бүгінгі жас ұрпаққа өнегелі құндылығын іс –шара барысында жан –жақты қырынан ашылып, кеңінен насихатталды. Іс –шара барысында Ы. Алтынсаринның бұрышы салтанатты түрде көрме таныстырылды. Ұшқыр ой алаңында бастауыш, тарих, география, ағылшын пәні мұғалімдері Ы. Алтынсаринды өз сабақтарымен байланыстырып, жоба қорғады. Ы. Алтынсарин есімі берілген облыстық мектептермен дарындылар жоба сайысы ұйымдастырылды. Саркант ауданы, Қапшағай қаласы, Қарасай ауданы мектеп оқушылары арасында «Ы. Алтынсарин және қазіргі заманауи білім» тақырыбында дарындылар жоба жұмысы қорғалып, сайысқа түсті. ХХІ ғасыр Ыбырай көшбасшысы аймақтық интеллектуалдық ойын өтті. Соңғы шара барысында «Даланың дара ұстазы – Ы. Алтынсарин» әдеби сазды кездесу кешін жоғары дәрежеде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кеулумжаева Ж. Рысбаева Б. Ильясов М. және саз өнері бірлестігі мұғалімдері Тастанбекова Ф. Ашилов А. Шерипбаев М. жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өтті. Кездесу әдеби-сазды кешінде жазушыға сұрақтар қойылып, Ы. Алтынсарин тұлғаның тек ұстаздық емес, рухани құндылықты басты шығармаларында айтылып, зерттелген ойларымен ой бөлісіп, Ы. Алтынсарин мектеп ашуы жолындағы бала тәрбиелеуде, оқутадағы елен еңбегінен үзінді көрініс көрсетіп, көрермендерді тәнті етті. Әңгімелері желісінен де көрініс көрсетіп, Ы. Алтынсаринның жаңа қырын ашып көрсетті. Келген қонақтар ерекше ықыласқа бөленіп, ризашылықтарын білдіріп, семинар барысындағы барлық шараларды жоғары бағалады.















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив