30
январь
2024
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары:
2024 жылдың 23 қаңтар күні алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Бисенбаев Жасұлан Балымжанович, мектеп медбикесі Абдухалимова Шолпан Наркешовна, және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ-де 5-11 сынып оқушыларына сейсмикалық жаттығу ұйымдастырып өткізді. Сейсможаттығу нәтижесінде оқушылар мен мұғалімдер және мектеп қызметкерлері өз орындарын тастап қауіпсіз орынға көшірілді. Ғимараттан қауіпсіз аймаққа шығу уақыты 5 минут аралығы. Сонымен қоса оқушылар мен мұғалімдерге қандай керекті құжаттар мен керекті заттарды алу керек туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сейсможаттығу барысында ешқандай оқыс оқиға орын алмады.
Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы әрекет туралы толық ақпаратпен таныстырды.
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары:
Жер сілкінгенін ғимараттың шайқалғанынан, шамдардың теңселгенінен, ыдыс-аяқ пен әйнектердің сылдырынан, күшейіп жатқан гуілден білуге болады. Бұл жағдайда ең бастысы үрейге бой алдырмау. Жер сілкінісі кезінде ең қауіпсіз жер ғимараттан алыс көше мен алаң. Сондықтан, бірінші дүмпуден кейін тез және қысқа жолмен далаға шығу керек. Өздігімен жүре алмайтындарға қауіпсіз орынға шығуға көмек берген дұрыс. Бұл жағдайда заттарды жинауға уақыт кетіруге болмайды. Мүмкін болса, тек құжаттар мен ақшаны алған дұрыс. Лифтті пайдалануға тыйым салынады. Төменге баспалдақпен не өрт сатысымен түсу қажет. Мұндай жолмен ғимараттан шығу мүмкін болмаса төсек жаймасынан арқан жасап, оны жылу батареясына байлаңыз да, терезеден түсуге болады. Бұл - балалар мен зардап шеккендерді құтқарудың тиімді тәсілі.