1-11сынып жетекшілермен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» атты сынып жетекшілерге арналған мектепішілік семинар » "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72771) 58-2-76
:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-11сынып жетекшілермен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» атты сынып жетекшілерге арналған мектепішілік семинар
13
ноябрь
2023

1-11сынып жетекшілермен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» атты сынып жетекшілерге арналған мектепішілік семинар

2023 жылдың 11 қараша күні "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ-де 1-11сынып жетекшілермен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» атты сынып жетекшілерге арналған мектепішілік семинар өтті.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша кәсіби шеберлігін жетілдіруді мақсат еткен бағдарлама жетекшілерге 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының үрдісін түсіндіруге, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін нақтылауға, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер жобалар арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгертуге бағытталды. Шара барысында практика жүзінде әр сынып параллельдің старосталары, жетекшілерге ҚМЖ тәрбие сағат жоспарын құруды, жоба жұмысында ҚМЖ дұрыс құрып, өнім мен нәтиже шығаруды, Педагогикалық қолдау орталығынан "Даналық мектебі" жұмысын тәрбие сабағына кіріктіру жолдарын практика жүзінде тәжірибелерімен бөлісті. Сергіту сәті мен психологиялық тренингтер өткізіліп, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Абылдаева 1-11 сынып жетекшілерге тәрбие жұмысының жаңа форматын түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушылар арнайы тапсырмалар орындап, құндылықтарға бағытталған тәрбие беру жұмысына арналған жобаларды қорғап, қазіргі қоғамдағы тәрбие жұмысы мен мектептегі тәрбие саласында кездесетін қиындықтар, олардан шығу жолдары жайлы өз ойларын ортаға салды.
Сонымен бірге, 1-11 сынып жетекшілер жылдық тәрбие жоспардағы өткізетін сынып сағатын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындап, ҚМЖ қалай құрудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырып өткізу бойынша кәсіби шеберлігін арттыра білді. Жалпы мектепішілік сынып жетекшілер жиналысына 1-11 сынып жетекшілер 3 кезеңмен бастауыш, орта, жоғары буын жетекшілер қатысты.
#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Даналық_мектебі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив